2022 жылы 9 қарашада Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Жамбыл облысы бойынша бас фармацевтикалық инспекторы М.Шиналиеваның қатысуымен фармацевтикалық қызмет субъектілерінің басшылары мен өкілдері арасында түсіндіру семинары өтті.

 

2022 жылы 9 қарашада Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Жамбыл облысы бойынша бас фармацевтикалық инспекторы М.Шиналиеваның қатысуымен фармацевтикалық қызмет субъектілерінің басшылары мен өкілдері ЖШС «NurKai» (Айткулова Л.О.), ЖК Кистаубаева Х., ЖШС «Касым Фарм Групп» (Байгабылова У.О.), ЖК «Меруерт» (Джаксинбекова М.), ЖК «Аппаева Д.», ЖШС «Дәріхана Аспирин» (Дуйсенов Е.), ЖШС «Зерде- Фарма» (Досманбетов Д.),ЖШС «Садыхан» (Агатов А.), ЖШС «ЕвроФарма» (Әшенов С.),ЖШС «Санур» (Темирбекова М.), ЖШС «Коныс Б» Джанисбекова М. ,ЖШС «Дәріхана 24 плюс» (Адилова Н.) арасында

түсіндіру семинары өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-45 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-148/2020 бұйрықтардың біліктілік талаптары түсіндірілді.Түсіндіру барысында фармацевтикалық қызмет субъектілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзгерістер мен дәріхана ашу кезінде жиі кездесетін мәселері талқыланды.

Жиналыс
Дата публикации
11 ноября 2022