Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Қауіпті өндіріс қызметкерлерін медициналық тексеруге арналған «Med365» автоматтандырылған жүйесі» медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 03 қарашадағы №411-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Қауіпті өндіріс қызметкерлерін
медициналық тексеруге арналған
«Med365» автоматтандырылған
жүйесі» медициналық бұйымның
тіркеукуәлігініңқолданылуын
тоқтатутуралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Қауіпті өндіріс қызметкерлерінмедициналық тексеруге арналған«Med365» автоматтандырылғанжүйесі»,өндірушісіҚазақстан,тіркеу куәлігінің нөміріҚР-МТ-5№020204медициналық бұйымның тіркеукуәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Med365»ЖШС-ның2022 жылғы 26қазандағы№996хаты.