Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «ЗИЛЕТА®, шәрбат, 0,5 мг/мл» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 4 қазандағы № 383-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«ЗИЛЕТА®, шәрбат, 0,5 мг/мл»дәрілік затыныңтіркеукуәлігініңқолданылуын тоқтатутуралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«ЗИЛЕТА®, шәрбат, 0,5 мг/мл»,өндірушісі«Гедеон Рихтер Румыния А.Қ.», Румыния, тіркеу куәлігінің нөміріҚР-ДЗ-5№023803дәрілік затыныңтіркеукуәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасарының міндетін атқарушыЖ. К.Ордабековаға жүктелсін.
Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігінің 2022 жылғы 3 қазандағы№ОФ-2-228хаты.