Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Мелофлам®, таблеткалар, 7,5 және 15 мг» дәрілік затының тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет Төрағасының 2022 жылғы 5 қазандағы № 386-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Мелофлам®, таблеткалар, 7,5 және 15 мг» дәрілік затының тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.««Мелофлам®, таблеткалар, 7,5 және 15 мг», өндірушісі «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ,Венгрия, ҚР-ДЗ-5№010336, ҚР-ДЗ-5№010337 дәрілік затының тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасарының міндетін атқарушы Ж. К.Ордабековаға жүктелсін.
Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты»ЖАҚ өкілдігінің 2022 жылғы 19 қыркүектегі №Р-511/2022 хаты.