Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Комитет Төрағасының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 360-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Биденза»дәрілік затының
тіркеу куәлігінің қолданылуын
тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 96,139-баптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 155-158, 245-баптарына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
2.ҚР-ДЗ-5№025030, Үндістан, өндірушісі «БДР Фармасьютикалс Интернейшнл Пвт. Лтд.»,«Биденза»дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрылсын.
3.Комитетінің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме:Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 7194-21-00-4/2162 ұйғарымы.