)««Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 279-НҚ бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы»Комитет м.а. Төрағасының 2022 жылғы02қыркүйектегі№ 344-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына )««Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 279-НҚ бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы»Комитет м.а. Төрағасының 2022 жылғы02қыркүйектегі№ 344-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

 

 

«Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналықжәне фармацевтикалық бақылау комитетітөрағасының 2022 жылғы 27шілдедегі № 279-НҚ бұйрығының қолданылуын тоқтата тұру туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы
3 тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

  1. «Биденза» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының
    2022 жылғы 27шілдедегі № 279-НҚ бұйрығының қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын өзіме қалдырамын.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

     Негіздеме: «BDR Pharmaceuticals International Pvt Ltd» компаниясының 2021 жылғы 25 қазандағы сенімхаты бойынша өкілі А. Ә. Әбдіқұловтыңшағымы, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік- процестік Кодексінің 96-бабы.

 

Бұйрық
Дата публикации
07 сентября 2022