Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Логимакс®,шығуы ұзаққа созылатын, қабықпен қапталған таблеткалар, 47,5 мг/5мг»дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралыКомитет төрағасының2022 жылғы 27 шілдедегі№ 281-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Логимакс®, босап шығуы ұзаққа созылатын, қабықпен қапталған таблеткалар, 47,5 мг/5мг»дәрілік затыныңтіркеукуәлігініңқолданылуын тоқтатутуралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Логимакс®, босап шығуы ұзаққа созылатын, қабықпен қапталған таблеткалар, 47,5 мг/5мг»,өндірушісі «AstraZeneca AB», Швеция, тіркеу куәлігінің нөміріҚР-ДЗ-5№018502 дәрілік затыныңтіркеукуәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау комитет төрағасының орынбасары С. А. Ержановаға жүктелсін.
Негіздеме: ЗАК «АстраЗенека Ю-Кей Лимитед»Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің2022 жылғы 20 шілдедегі№ Р-22/110хаты.