«Кейбір медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 278-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Кейбір медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 278-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

 

Кейбір медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 11-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
  2. «Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 136-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С.А. Ержановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 13 шілдедегі № 24-06-698/И хаты.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті Төрағасының.

 2022 жылғы __ шілдедегі

№__ бұйрығына қосымша

 

 

Медициналық бұйымдарды қалпына келтірілген тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Медициналық бұйымның атауы

Өндіруші, мемлекет

1

ҚР-ММБ-5№021412

13.11.2020

Бір рет қолданылатын рентгеноконтрастылы жолағы (РКЖ) бар/онсыз, түтігі таңбаланған/ таңбаланбаған медициналық асқазан (зонд) катетері (өлшемі, СН: 4, 5, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 25, 26, 28, 30, 32, 34, 35, 36; ұзындығы 100 мм-ден 2000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

2

ҚР-ММБ-5№021413

13.11.2020

Бір рет қолданылатын оттекті медициналық катетер (өлшемі, СН: 12, 14, 16; ұзындығы 100 мм-ден 4000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

3

ҚР-ММБ-5№021415

13.11.2020

Бір рет қолданылатын рентгенконтрасттылы жолағы бар/жолақсыз (РКЖ), түтігі таңбаланған/ таңбаланбаған медициналық қоректендіретін катетері (өлшемі, СН: 4, 5, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22; ұзындығы 100 мм-ден 2000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

4

ҚР-ММБ-5№021462

18.11.2020

Бір рет қолданылатын рентгеноконтрастылы жолағы (РКЖ) бар/онсыз, түтігі таңбаланған/таңбаланбаған әйелдерге арналған медициналық катетер (өлшемі, СН: 4, 5, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 25, 26, 28, 30, 32, 34, 35, 36; ұзындығы 100 мм-ден 2000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

5

ҚР-ММБ-5№021535

02.12.2020

Бір рет қолданылатын медициналық несепқабылдағыш: педиатриялық (0,1-0,2л), аяқпен басқарылатын (0,5-1,0 л), керует жанына қойылатын (1,0 - 2,0л)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

6

ҚР-ММБ-5№021536

02.12.2020

Бір рет қолданылатын рентгеноконтрастылы жолағы (РКЖ) бар/онсыз, түтігі таңбаланған/таңбаланбаған, соратын/ вакуум деңгейі бақылауы бар соратын медициналық катетер (өлшемі, СН: 4, 5, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 25, 26, 28, 30, 32, 34, 35, 36; ұзындығы 100 мм-ден 2000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

7

ҚР-ММБ-5№021537

02.12.2020

Бір рет қолданылатын рентгеноконтрастылы жолағы (РКЖ) бар/онсыз, түтігі таңбаланған/таңбаланбаған медициналық Нелатон (ерлер) катетері (өлшемі, СН: 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36; ұзындығы 100 мм-ден 2000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

8

ҚР-ММБ-5№021538

02.12.2020

Бір рет қолданылатын рентгеноконтрастылы жолағы (РКЖ) бар/онсыз, түтігі таңбаланған/таңбаланбаған медициналық ректальді катетері (өлшемі, СН: 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 ұзындығы 100 мм-ден 4000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

9

ҚР-ММБ-5№021569

03.12.2020

Тыныс алу контурлары: керек-жарақтарсыз, анестезиялогиялық стандартты, анестезиялогиялық арнайы, коаксиальді

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

10

ҚР-ММБ-5№021577

04.12.2020

Бір рет қолданылатын рентгеноконтрастылы жолағы (РКЖ) бар/онсыз, түтігі таңбаланған/таңбаланбаған Левин дуоденальді сорып алатын/ қоректендіретін медициналық катетері (өлшемі, СН: 4, 5, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 25, 26, 28, 30, 32, 34, 35, 36; ұзындығы 100 мм-ден 4000 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь



Бұйрық
Дата публикации
29 июля 2022