«Кейбір медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 277-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Кейбір медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 277-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

 

Кейбір медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 11-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
  2. «Кейбір медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Төраға міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 230-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
  3. Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;

2) қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С.А. Ержановаға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

          Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2022 жылғы 13 шілдедегі № 24-06-698/И және 2022 жылғы 22 шілдедегі 24-06-717/И хаттары.

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті Төрағасының

 2022 жылғы __ шілдедегі

№__ бұйрығына қосымша

 

 

Медициналық бұйымдарды қалпына келтірілген тіркеу куәліктерінің тізбесі

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Медициналық бұйымның атауы

Өндіруші, мемлекет

1

ҚР-МБ (ММБ)-0№023835

25.03.2022

Екі жақты/ үш жақты бір рет қолданылатын Фолей медициналық катетері (өлшемі, СН: 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 30; ұзындығы 270 мм-ден 400 мм-ге дейін)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь

2

ҚР-МБ (ММБ)-0№023836

25.03.2022

Бір рет қолданылатын оттегі маскасы (өлшемі 1-5)

ЖШҚ Ассомедика, Беларусь



Бұйрық
Дата публикации
29 июля 2022