Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Кардура XL®, босап шығуы ұзартылған қабықпен қапталған таблеткалар, 4 мг және 8 мг» дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы Комитет төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 228-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Кардура XL®, босап шығуы ұзартылған қабықпен қапталған таблеткалар, 4 мг және 8 мг» дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B. V. (Пфайзер Экспорт Би.Ви.) филиалының 2022 жылғы 6 маусымдағы № 1002 хаты.