Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына Комитет төрағасының 2022 жылғы 1 маусымдағы №204-НҚ «Методжект®, инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/мл, 0,75 мл, 1,0 мл, 1,5 мл, 2,0 мл, 2,5 мл-ден шприцте» дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы» бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Методжект®, инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/мл, 0,75 мл, 1,0 мл, 1,5 мл, 2,0 мл, 2,5 мл-ден шприцте» дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «медак фарма» ЖШС-ның 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 382 хаты.