Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспектордың «Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» 2022 жылғы 5 мамырдағы № 6-Қ қаулысы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспектордың «Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» 2022 жылғы 5 мамырдағы № 6-Қ қаулысын орындау үшін жібереді.

 

«Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2022 жылғы
29 сәуірдегі № 5-Қ қаулысының күшін жою туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы
3-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 5-Қ қаулысының күші жойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қаулы
Дата публикации
06 мая 2022