Комитет төрағасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 155-НҚ «Атенолол-Тева,25 мг» дәрілік затының № X15124D сериясының айналыстан шығару туралы» бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына Комитет төрағасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 155-НҚ «Атенолол-Тева,25 мг» дәрілік затының № X15124D сериясының айналыстан шығару туралы» бұйрығын орындау үшін жібереді.

 

«Атенолол-Тева, 25 мг» дәрілік затының № X15124D сериясының айналыстан шығару туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының 3-тармақтың 7 - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Өндірушісі «Меркле ГмбХ», Германия, тіркеу куәлігі № ҚР-ДЗ-5№010016 «Атенолол-Тева, қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг» дәрілік затының сериясын № X15124D айналыстан шығарылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты Комитеттің аумақтық бөлімшеге жіберсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары С. А. Ержановаға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «ратиофарм Казахстан» ЖШС-нің 2022 жылғы 13 сәуірдегі                 № R-22-678 хаты.

 

Бұйрық
Дата публикации
06 мая 2022