Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспектордың«Дәрілік зат сериясының (партиясының) күшін тоқтата тұру туралы»2022 жылғы 25 сәуірдегі № 3-Қ қаулысын орындау үшін жібереді.
Икервис® (ХПА – циклоспорин), көзге тамызатын дәрі, 1 мг/мл, эмульсия, 0,3 мл, Франция, Excelvision өндірісінің дәрілік затының (бұдан әрі – дәрілік препарат) 9N20L сериясының (партиясының) күші тоқтата тұрылсын.