Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Тулип®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг, 20 мг, 40 мг № 30», дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы Комитет төрағасының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 144-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.