Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Класт® 5, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг»,өндірушісі «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» Қазақстан, тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5№019251, «Класт® 10, шайнайтын таблеткалар, 10 мг» ,өндірушісі «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» Қазақстан, ҚР-ДЗ-3№019643 дәрілік заттының тіркеукуәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
Комитет төрағасының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 133 - НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.