
Қолдану қауіпсіздігін арттыру үшін «парацетамол» әсер етуші
заты бар дәрілік зат бойынша
ЖАДЫНАМА
Парацетамолды қолданар алдында дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты толық оқып шығыңыз (Қосымша парақ)
Препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес немесе дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз (Қосымша парақ)
Парацетамолды қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаған жағдайларда дәрігерге кеңес алу жүгіну керек
|
Парацетамолдың ұсынылатын дозасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ересектер үшін Бір қабылдау дозасы (бір реттік доза) 1-2 таблеткадан (500-1000 мг). Келесі дозаны қабылдамас бұрын кем дегенде 4 сағат күтіңіз! Тәулігіне 24 сағат ішінде 1-2 таблеткадан (500-1000 мг) 4 реттен артық емес қабылдауға болады.
Балаларға арналған Препараттың дозасы жасына және дене салмағына байланысты есептеледі. Парацетамолдың бір реттік дозасы баланың дене салмағының әр килограмына 10-15 мг-ден құрайды. Балаларға арналған парацетамол препаратын таңдаңыз! Кішкентай балаларға (6 жасқа дейін) арналған шәрбат, суспензия, ішке қабылдау үшін ерітінді түрінде шығарылатын парацетамол препараттары бар, 6 жастан бастап балаларға – дозасы 200 мг таблеткалар арналған. Егер сіз балаңызға қанша парацетамол беру керектігін білмесеңіз, дәрігерден немесе фармацевттен сұраңыз немесе келесі кестені қолданыңыз: Парацетамолдың дозалау кестесі
Парацетамолды шәрбаттар, суспензиялар және балаларға ішке қабылдау ерітінділер түрінде дұрыс және ұтымды дозалау үшін әрқашан қаптаманың ішіне салынған өлшеуіш қасықты немесе өлшеуіш шприцті пайдаланыңыз. Ас, десерт немесе шай қасығын пайдаланбаңыз, себебі сіз парацетамолдың артық дозасын алуыңыз мүмкін! Ұсынылған дозаны асырмаңыз! Ұсынылған дозаны асыру артық дозалану болып табылады! Парацетамолды свеча түрінде қалай дұрыс және қауіпсіз қолдануға болады Парацетамолды свеча түрінде қолдану жиілігі парацетамолды шәрбат, суспензия және ішке қабылдау ерітінді түрінде қолдану жиілігінен ерекшеленеді. Парацетамол свечалары балаларға 6 сағаттан кем емес аралықпен тәулігіне 4 реттен артық емес енгізіледі! Парацетамол свечалары келесі дозаларда болады - 80 мг, 150 мг және 300 мг. Баланың жасына байланысты парацетамол свечаларын баланың жасына сәйкес мөлшерде таңдау керек! Тәулігіне 4-тен артық свеча қолдануға болмайды!
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Парацетамолдың ең жоғары тәуліктік дозасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік дозадан ешқашан артық қабылдауға болмайды - 4000 мг (500 мг-ден 8 таблетка). Балаларға арналған ең жоғары тәуліктік доза - дене салмағының әр кг-ге 60 мг. Ешқашан бір уақытта 2 таблеткадан артық қабылдауға болмайды! Балаға парацетамолдың екі дозасын бір уақытта ешқашан бермеңіз! Парацетамолдың ең жоғары дозасын қолдану бауыр мен бүйрекке өте зиянды! |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қолдану ұзақтығы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз қолданудың ең жоғары ұзақтығы - 3 күн! Егер симптомдар (температура төмендемейді, ауырсыну басылмайды), парацетамол қолданудың 3 күнінде сақталса дәрігермен кеңесу керек. Парацетамолды қолдану ұзақтығын өз бетіңізше арттырмаңыз! Медициналық бақылаусыз ұзақ уақыт қолдану сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін! |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Емдеу курсы туралы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
3 күннен аспайтын емдеудің ең қысқа кезеңінде – әсерге жету үшін қажетті препараттың ең аз дозасын қолдану керек! |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қолдану жолдары мен тәсілдері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Таблеткалар, капсулалар мен суспензиялар тамақтанудан кем дегенде бір сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 1-2 сағаттан кейін көп сұйықтықпен ішуге арналған. Суппозиторийлер ректальді қолданылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Балаларда қолдану ерекшеліктері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Балаларда дозаны баланың дене салмағына сәйкес сақтау керек. Бір жасқа дейінгі балаларға дәрілік формалар суспензия және ректальді суппозиторийлері түрінде тағайындалуы мүмкін. Алты жастан бастап таблеткаларды 200 мг дозада қолдануға болады. Балаңызға беретін дозаның дұрыстығын әрдайым тексеріп отырыңыз, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз (Қосымша парақ), парацетамолдың дозалау кестесін орындаңыз. Егер сіз балаңызға қандай доза беру керектігін білмесеңіз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ықтимал жағымсыз реакциялар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Барлық дәрілер сияқты, парацетамол да жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін, бірақ олар бәрінде бола бермейді. Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, парацетамол қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралыңыз: - кейде ауыздың немесе беттің ісінуімен немесе ентігумен бірге тері бөртпесі және қышыну сияқты аллергиялық реакциялар ауыр болуы мүмкін - тері бөртпесі немесе қабыршақтану немесе ауыз қуысында ойық жаралар - тыныс алумен байланысты проблемалары. Егер сіз оларды ибупрофен немесе аспирин сияқты басқа ауырсынуды басатын дәрілермен бұрын бастан өткерген болсаңыз оның ықтималдығы одан жоғары - түсініксіз қанталаулар немесе қан кетулер (қан проблемасының белгілері болуы мүмкін) - өзін нашар сезіну, кенеттен салмақ жоғалту, тәбеттің төмендеуі, көз бен терінің сарғаюы (бауыр функциясының бұзылуының белгілері болуы мүмкін). - ауыр тері реакцияларының өте сирек жағдайлары туралы хабарланды.
Егер қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болса, дәрігермен кеңесіңіз!
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Препараттың биожетімділігі туралы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Парацетамол асқазан-ішек жолынан тез және толықтай сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрацияға 0,5-2 сағаттан кейін жетеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құрамында парацетамол бар және басқа да дәрілік заттармен үйлесімділігі туралы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Парацетамолды құрамында басқа парацетамол бар препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Бірге қабылдау парацетамолдың артық дозалануына әкелуі мүмкін! Ол үшін препараттардың белсенді заттарының құрамына назар аудару керек. Парацетамолды ацетаминофен деп те атауға болады. Сондықтан, егер сіз препараттың құрамында ацетаминофенді көрсеңіз, онда препараттың құрамында парацетамол бар екенін білуіңіз керек. Парацетамолды басқа ыстық түсіретін және анальгетикалық препараттармен бірге ұзақ уақыт қолдану бүйректің тұрақты зақымдалуына және бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупіне әкелуі мүмкін (анальгетикалық нефропатия). Ыстықты түсіретін және ауырсынуды басатын дәрілерге мыналар жатады: - ибупрофен - ацетилсалицил қышқылы - диклофенак - кетопрофен - напроксен - нимесулид - мелоксикам және т. б. Парацетамолмен бір мезгілде не қабылдағаныңыз немесе жақында қабылдағаныңыз туралы әрқашан емдеуші дәрігерге хабарлаңыз. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі»№ 375-V ҚРЗ Кодексіне сәйкес «Азаматтардың, қандастардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады». Кодекстің 116-бап, 1-тарауыны сәйкес «Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды», сонымен қатар Кодекстің 122-бап, 1-тарауыны сәйкес «Мемлекет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітеді». Шекті бағалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 тамыздағы «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-94 бұйрығында бекітілген. Бұл бұйрыққа 6715 дәрілік заттар кіреді.
Кеңес алу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhhambyl/activities/appointment-schedule?lang=ru сілтемесі бойынша өтіп, жазылуға немесе 8-7262-45-37- 69 телефонына хабарласуға болады.
Тегін дәрілік заттарды ТМККБК бойынша алу үшін науқас аумақтық емханаға тіркеліп, диспансерлік есепте тұруы керек. Тегін дәрілік заттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" № ҚР ДСМ - 75 бұйрығында көрсетілген.
Рецептуралық дәрілік препарат тек дәрігердің рецептісімен босатылады. Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды рецепт бойынша өткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығына сәйкес іске асады. Рецепт дәрігердің қолымен және мөрімен расталған қағаз бланкілерде немесе электронды түрде беріледі. Дәрігердің тағайындауы рецептке жатпайды. Амбулаториялық-емханалық ұйым берген рецепттің электрондық нысаны:
Рецепт №" № 078/е нысаныКүні мен уақыты Кімге арналған Өтеу түрі Жеке сәйкестендіру нөмірі Пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Туған күні Үйінің мекенжайы Диагнозы Дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), идентификаторы Rp. Халықаралық патенттелмеген атауы D.T.D. D.S. Рецепт дейін жарамды Телефон |