Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Шығыс Қазақстан облысында дәрілік заттардың белгіленген шекті бағадан қымбат сатылмауына тұрақты бақылау жүргізіліп келеді.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Мақпал Рахимжанова айтты.
Оның сөзінше, Комитеттің тапсырмасы мен ресми хаттарына сәйкес, өңірде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізетін субъектілерден баға туралы мәлімет жиналады. Соған сәйкес, ақпарат сараланып, Комитетке жолданады.
Комитеттің ресми дерегіне сүйенсек, шілде айында республика бойынша 2 555 дәрілік заттың бағасына мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 589 препараттың бөлшек сауда бағасы төмендеген. 47 препараттың бағасы 20%-дан астам, 198 дәрілік заттың бағасы 10–20%, тағы 244 препараттың бағасы 5–10% аралығында төмендеген.
Дәрі-дәрмек бағасын бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы препараттардың қозғалысы мен дәріханалардағы нақты сатылым бағасы қадағаланып, белгіленген шекті бағамен салыстырылады.
Тұрғындар да дәрі-дәрмектің бағасын өздері тексере алады. «Naqty Onim» мобильді қосымшасы арқылы препараттың өндірушісі, дистрибьюторы, сатылатын дәріхана және белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы мәлімет алуға болады.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес 2 055 дәрілік заттың атауына мемлекеттік баға реттеуі қолданылады. Бақылауда әлеуметтік маңызы бар және тұрғындар арасында сұранысы жоғары дәрілік препараттарға басымдық берілген.
Бұдан бөлек, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері негізінде дәрі-дәрмектің белгіленген шекті бағадан жоғары сатылу фактілері бойынша Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізе алады. Заңбұзушылық расталған жағдайда әкімшілік шара қолданылады.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында дәрілік затты белгіленген шекті бағадан жоғары сату бойынша бір факті анықталды. Аталған жағдай бойынша дәріханаға, яғни заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.
2026 жылдың шілде айында бөлшек саудадағы 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді. Мониторинг 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған позициялардың жартысына жуығы — 1 267 препарат бұрынғы бағасын сақтап қалды. Бұл ретте 147 препарат бойынша бағаның төмендеуі — 20%-дан астам, тағы 198 атау бойынша баға 10–20%-ға, 244 бойынша — 5–10%-ға төмендеді.
Бағасы төмендеген дәрі-дәрмектердің қатарында инфекциялық, жүрек-қан тамырлары және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.
Атап айтқанда, Зитмак® 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г — 22,03%-ға, Пантап® 20 мг №14 — 20,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 бағасы 14,7%-ға, Энап® 5 мг №10 — 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл — 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг — 6,86%-ға арзандады.
Бағалар нақты уақыт режимінде бақыланады.
Дәрілік заттардың нақты құнына мониторинг таңбалау және қадағалау жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі. Бұл жүйе медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы препараттардың қозғалысы мен бар-жоғын бақылауға, сондай-ақ нақты бағаларды мемлекет белгілеген шекті мәндермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық құралдар фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді жедел көруге және белгіленген бағалардың асып кету жағдайларын бақылауға мүмкіндік береді.
Сатып алушылар үшін қосымша тексеру құралы — Naqty Onim мобильді қосымшасы. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторын, дәрі сатылатын дәріхананы, сондай-ақ белгіленген шекті бөлшек сауда бағасын білуге болады.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі бағаны мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі назар әлеуметтік маңызы бар және сұранысқа ие препараттарға аударылды.
Тізімді өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеуіне 3 039 рецептілік дәрілік зат жатады. Реттеуден 4 918 препарат, оның ішінде рецептісіз дәрілер және құны 1 МРП-қа дейінгі рецептілік препараттар шығарылды.
2026 жылдың 7 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрілік затқа белгіленген шекті бағадан асырудың 1 фактісі анықталды. Бұл бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Аталған заң бұзушылықтар туралы DariKZ, Naqty onim мобильді қосымшалары арқылы хабарлауға немесе бірыңғай e-Өтініш платформасы арқылы, сондай-ақ Өскемен қаласы, Крылов көшесі 80 мекенжайында орналасқан ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне шағым жазуға болады. Телефон: 61-81-00.
Барлық өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялауға қойылатын талаптарды күшейтті.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық денсаулық сақтау субъектілері РБЖ-2.0 және Ұлттық электрондық денсаулық паспортына қосылған медициналық (зертханалық) цифрлық жүйені пайдалануға міндетті.
Лицензия алу үшін:
Медициналық және зертханалық цифрлық жүйелерді жеткізушілердің тізімі:
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/196758?lang=ru&ysclid=mq9eiki56f634161171
Талаптарға сәйкестік лицензия беру кезінде және кейінгі тексерулер барысында тексеріледі.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өзара іс-қимылы аясында фармацевтикалық қызмет субъектілеріне дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз.
Назарларыңызды дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік заттардың тек жарамды рецепт болған жағдайда ғана сатылатынына аударамыз. Рецептпен босатылатын дәрілік заттарды беру тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Заңнама талаптарын сақтау пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, дәрілік заттарды бақылаусыз қолданудың алдын алуға және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Дәріхана ұйымдарының қызметкерлері мен фармацевтикалық қызмет субъектілерін дәрілік заттарды босату тәртібін сақтауға және кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен орындауға шақырамыз.
Мұндай лауазымға тағайындалу үшін денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу немесе растау қажет. Сертификат үміткердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды. Оны алу үшін уәкілетті органға қажетті құжаттар топтамасын ұсыну қажет.
Инфографикада сертификатты алу (растау) тәртібі мен қажетті құжаттар туралы негізгі ақпарат ұсынылған.
Маман сертификатын алу үшін «eLicense.kz» порталында тіркеліп, авторизациядан өтіп, тиісті мемлекеттік қызметті таңдап, өтініш беру қажет.
Өтінішті қабылдаудан бас тартудың жиі кездесетін себептері — қажетті құжаттардың толық ұсынылмауы, құжаттардың сапасыз, талапқа сай емес немесе оқылмайтын түрде жүктелуі, сондай-ақ мәліметтер нысанының дұрыс толтырылмауы.
Өтінішті жібермес бұрын қажетті құжаттар тізбесімен және мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптармен мұқият танысыңыз. Сонымен қатар, порталда осы мемлекеттік қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.
Бұл өтінішті қарау мерзімінің созылуын болдырмауға және мемлекеттік қызметті кедергісіз алуға мүмкіндік береді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № ҚР ДСМ-155/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Жарамдылық мерзімі өткен, жарамсыз болған, жалған, мемлекеттік тіркеуден немесе сапаны бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сақтау, тасымалдау және заңнама талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер міндетті түрде оқшауланып, таңбаланып, кейіннен жойылады.
Жою рәсімі тұрақты жұмыс істейтін комиссия арқылы жүргізіледі, ал жойылатын өнім көлемі 300 қаптамадан (данадан) асқан жағдайда мамандандырылған ұйым тартылады. Жою өнім жиналуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет жүргізіліп, актімен рәсімделеді және оның бір данасы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жолданады.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті лицензиялау талаптарын жаңартты.
📌 2026 жылғы 12 шілдеден бастап барлық медициналық ұйымдар:
РБЖ-2.0 жүйесіне
Ұлттық электрондық денсаулық паспортына
тіркелген медициналық/зертханалық цифрлық жүйелерге
міндетті түрде қосылуы тиіс.
🏥 Лицензия алу үшін негізгі талаптар:
санитариялық талаптарға сәйкес келетін үй-жайдың болуы
білікті мамандардың (сертификат, біліктілікті арттыру) болуы
медициналық стандарттарға сәйкес келетін жабдықтардың болуы
тіркелген жеткізушіден алынған медициналық цифрлық жүйенің болуы
🏛 Лицензияны Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері береді және талаптардың сақталуын тексереді.
📌 Жаңа талаптар медициналық қызмет сапасын арттыруға және цифрландыруды дамытуға бағытталған.