ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШҚО бойынша департаменті фармацевтикалық тексеру жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ШҚО бойынша департаменті фармацевтикалық тексеру жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы ҚР ДСМ-№9 бұйрығына Тиісті фармацевтикалық практикаға фармацевтикалық тексеру жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Келесі өзгерістер енгізілді:

- жеке баптар фармацевтикалық тексерулерді жоспарлы және жоспардан тыс жүргізу жағдайларын реттейді;

- тексеру субъектісіне бағдарламаны жоспардан тыс жолдау мерзімі 1 күнге дейін қысқартылды;

- тексеру нәтижелері бойынша сәйкессіздік актісін жасау талабы жойылды;

- тексеру нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер тексерілетін субъектінің жауапты тұлғаларымен қорытынды жиналыста жарияланады;

Маңызды сәйкессіздіктер анықталған кезде тексеру субъектісі түзету және алдын алу іс-шараларының жоспарын және оның орындалуы туралы есеп жасайды.