
Ақпан айындаШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өткізілді. Алқа отырысына медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің ШҚО бойынша департаменті, Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті , ШҚО әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылары және өңірдің медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері мен бас штаттан тыс мамандары қатысты.
Алқа отырысында Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі басшысының м.а. Гүлжан Сағымбекқызы Сыдықова Департаментте 2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы сөз сөйледі. Гүлжан Сағымбекқызы өз баяндамасында Департаментпен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау шаралары, тексеру нәтижелері, медициналық қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі, аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдар жайындағы ақпараттарға тоқталып өтті. Алқа отырысында Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева медициналық ұйымдардағы дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау мәселесіне ерекше көңіл аударды, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.