Өскеменде медициналық көмек деңгейлері мен нысандары талқыланды

Өскеменде медициналық көмек деңгейлері мен нысандары талқыланды

2024 жылдың 13 ақпанында Өскемен қаласында Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 116, 117, 118-баптары қаралды. Әңгіме медициналық көмектің үш деңгейлі жүйесі, көмек көрсетудің нысандары мен жағдайлары туралы болды. Қызметкерлерге тұрғындардың өтініштерін қарауда заңнаманы қатаң сақтау тапсырылды.