
2024 жылғы 10 желтоқсан күні Департамент фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерімен кеңес өткізді. Кеңесте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу субъектілеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген негізгі өзгерістері түсіндірілді, сондай-ақ дәрілік заттарды рецептісіз өткізу бөлігінде бұзушылықтар мен әкімшілік жауаптылық шаралары туралы, тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде таңбаланған дәрілік заттарды қабылдау - беру актілерін қабылдау мәселелері талқыланды.
Тиісті фармацевтикалық практика стандарттары, сондай-ақ 2021 жылдан бастап GDP стандартын және 2026 жылдан бастап GPP стандартын сақтау міндеттері бойынша түсіндіріру ақпараты айтылды.
Дәрігердің рецепті бойынша берілетін дәрілік заттарды сату мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес фармацевтикалық нарық субъектілері дұрыс жазылмаған рецепттер туралы ақпаратты Департаментке және тиісті медициналық ұйымның басшысына жіберу қажет екенін еске салды.