
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңесте Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Медетханұлы Айқымбеков мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын таныстырып өтті. Мемлекеттік қызметтегі өзгерістер, мемлекеттік қызмет көрсетудегі талаптар, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, тағы басқа сұрақтар талқыланды. Ержан Медетханұлы кеңеске қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.