Дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің әрекеті тоқтатылды

Дәрілік заттың тіркеу куәліктерінің әрекеті тоқтатылды

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті» РММ – і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 1 қарашадағы №470-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығына сәйкес:
- Ново Нордиск А/С, Дания өндірген № ҚР-ДЗ-5№011432 «ГлюкаГен® 1 мг ГипоКит» және № ҚР-ДЗ-5№016810 «Левемир® ФлексПен®» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылғанын назарыңызға жеткізеді.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 18 қазандағы
№ 44-08-1298/И хаты, 2024 жылғы 17 қазандағы Сәйкессіздік хаттамасы.