
Департаментпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын сақтау мәселесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы бөлшек саудада өткізу субъектілерінің өкілдерімен онлайн-кеңес өткізілді, атап айтқанда кәмелетке толмағандарға дәрілік заттарды босату мен олардың өз бетінше қабылдау тәуекелдері. Баяндамашы ретінде кеңеске фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі басшысының м.а. Гүлжан Сыдықова Сағымбекқызы қатысты және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізудің негізгі талаптарын түсіндірді. Проблемалық мәселелер де талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 16-2-тармағына сәйкес балаларға дәрілік заттар берілмейді.