
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ- 22 "Медициналық қызметке лицензия беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы " ҚР ДСМ ХҚК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Құмарқызы Ғылыммедден және бөлімнің жетекші маманы Сыдықова Дана Ерлановна ШҚО, Өскемен қаласы, Серікпаев көшесі, 1 н.п.2В мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына медициналық қызметке лицензияға қосымша беру бойынша ересектер мен балалар үшін "зертханалық диагностика" мамандығы бойынша кезекті рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Тексеріс барысында мекеменің медициналық жабдықтармен және медициналық құрылғылармен қамтылғаны, медициналық құрылғылардың кезекті тексерістен өткендігі туралы құжаттары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттары, мамандардың біліктілік талаптары толық тексерілді. Мекеменің басшысы С.Фатихова мен медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті көрсету стандарттары туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: Жылжымайтын мүлікке, медициналық техникаға құқық белгілейтін құжаттар бар, мамандардың біліктілік талаптары сақталды, стоматология біліктілік талаптарына сәйкес келеді. ШҚО, Өскемен қаласы, Серікпаев көшесі, 1 н.п.2В мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ересектер мен балалар үшін "зертханалық диагностика" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.