Тағы бірнеше медициналық пункттерге заңды қызметке құжаттар берілді

Тағы бірнеше медициналық пункттерге заңды қызметке құжаттар берілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ- 22 "Медициналық қызметке лицензия беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы негізінде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы " ҚР ДСМ ХҚК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Құмарқызы Ғылыммедден және бөлімнің жетекші маманы Сыдықова Дана Ерлановна  Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Ұлан ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны Макеевка, Казачье, Желдіөзек, Сарыөзек, Отрадное ауылдарында орналасқан медициналық пункттерге Медициналық қызметке лицензияға қосымша беру бойынша ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандықтары бойынша кезекті рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Тексеріс барысында  мекеменің медициналық жабдықтармен және медициналық құрылғылармен қамтылғаны, медициналық құрылғылардың кезекті тексерістен өткендігі  туралы құжаттары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттары, мамандардың біліктілік талаптары толық тексерілді. Мекеменің медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті көрсету стандарттары туралы  түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: Жылжымайтын мүлікке, медициналық техникаға құқық белгілейтін құжаттар бар, мамандардың біліктілік талаптары сақталды, мекеме біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Ұлан ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнының  Макеевка, Казачье, Желдіөзек, Сарыөзек, Отрадное ауылдарында орналасқан медициналық пункттеріне  ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымшалар берілді.