Тағы бір мекемеге заңды қызметке құжаттар берілді

Тағы бір мекемеге заңды қызметке құжаттар берілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № ҚР ДСМ- 22 "Медициналық қызметке лицензия беру "мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы негізінде  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы " ҚР ДСМ ХҚК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Құмарқызы Ғылыммедден және бөлімнің бас маманы Темиргалиев Дидар Муратканович   ШҚО, Риддер қаласы, Стрежанский кеніші мекен жайында  орналасқан «Риддер-Полиметалл» ЖШС ересектер үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензия беру бойынша кезекті рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Тексеріс барысында  мекеменің медициналық жабдықтармен және медициналық құрылғылармен қамтылғаны, медициналық құрылғылардың кезекті тексерістен өткендігі  туралы құжаттары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттары, мамандардың біліктілік талаптары толық тексерілді. Медицина қызметкерімен мемлекеттік қызметті көрсету стандарттары туралы  түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ: Жылжымайтын мүлікке, медициналық техникаға құқық белгілейтін құжаттар бар, мамандардың біліктілік талаптары сақталды, стоматология біліктілік талаптарына сәйкес келеді. ШҚО, Риддер қаласы, Стрежанский кеніші мекен жайында  орналасқан «Риддер-Полиметалл» ЖШС ересектер үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензия берілді.