Шығыс Қазақстан облысы: Балаларды мектепке дейінгі ұйымдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ZOOM форматында жиын өтті

Шығыс Қазақстан облысы: Балаларды мектепке дейінгі ұйымдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ZOOM форматында жиын өтті

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының бастамасымен аудандық(қалалық), қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандарымен мектепке дейінгі ұйымдарда тірбиеленушілердің қауіпсіздігін сақтау бойынша ZOOM конференциясы арқылы кездесу ұйымдастырылды.

Жиынға баяндамашы ретінде Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Мақпал Рахимжанова қатысып, білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен тасымалдауға қойылатын негізгі талаптарды түсіндірді, сондай-ақ 2024 жылы 9 айында фармацевтикалық бақылау бөлімінің мамандарымен бірлесіп, білім беру ұйымдарының 184 субъектісіне тексерулер жүргізіліп, оның ішінде 108 субъектіде бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.

Осы орайда Мақпал Рахимжанова мекеменің медицина қызметкерлері мен жауапты тұлғаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірлескен түсіндіру семинарларын өткізу қажеттігін айтты.

Проблемалық мәселелер талқыланды.