МФБК Департамент заңнамасын сақтау қажеттігін ескертеді

МФБК Департамент заңнамасын сақтау қажеттігін ескертеді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) 2024 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі К. Есекеевтің төрағалығымен өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға белгілеу жүйесін цифрландыру жөніндегі шаралардың іске асырылуын бақылау бойынша жұмыс тобы отырысының хаттамасының 2.11 тармағының талаптарын орындау мақсатында төмендегіні хабарлайды.

 

Департаменттің мәліметіне сәйкес, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

 

Егер халыққа арналған дәрілік заттар бөлшек саудадағы дәріханалар арқылы өткізілсе, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235-V ҚРЗ Кодексінің 426 бабының 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Дәрілік заттарды өткізу қағидаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға, шағын және орта кәсіпкерлерге айыппұл салынуы мүмкін.

 

Департамент медициналық ұйымдар мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізетін фармацевтикалық ұйымдарды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңнамасының талаптарына сәйкес қызмет атқаруға шақырады.