
2024 жылдың 4 қазан күні Департаменттің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенованың 2023 жылғы 30 қарашадағы дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері жөніндегі хаттамалық тапсырмасының негізінде жеке меншік медициналық және стоматологиялық клиникалардың өкілдерімен онлайн кеңес өтті.
Кеңеске «Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ және «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС-нің менджері Горчинская Людмила Игоревна қатысты. Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Мақпал Рахимжанова дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілгенін, сондай-ақ таңбалау өндірушіден, дистрибьютерден, дәріханалардан және медициналық ұйымдардан пациенттерге дейінгі барлық жеткізу тізбегі арқылы дәрілік заттардың қозғаласын бақылаудың аса маңызды құралы екенін атап өтті.
Горчинская Людмила Игоревна дәрілік заттарды бақылау схемасын, таңбалау жүйесінің мүмкіндіктерін және таңбалау жүйесінде қалай жұмыс істеу, тіркелу және қажетті платформаларға кіру туралы толық мәлімет берді.