ШҚО Департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері талқыланды

ШҚО Департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері талқыланды

2024 жылғы 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде кеңес өтті. Оған департамент басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі уәкіл Нұргүл Қунапьянова төрағалық етті.

 

Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің" талаптарын сақтау мәселесі қаралды. Сонымен қатар, департаменттің әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының маңызды тармақтарының орындалуы талқыланды.

 

Нұргүл Қунапьянова мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетінің маңызды рөлін атап өтіп, олардың іскерлік стильге сәйкес, ресми және ұстамды болуы керектігін айтты. Жиналыс нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, хаттамамен мемлекеттік қызметкерлер таныстырылды.