
2024 жылғы 20 қыркүйекте Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің кеңесі өтті. Кеңесте мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі мен құқықтық кепілдіктері талқыланды. Айзат Қайырбаева сөзінде 8-баптың талаптарын ерекше атап өтіп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері заң аясында белгіленгенін түсіндірді. Қызметкерлердің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі туралы егжей-тегжейлі қарастырылды.
Сондай-ақ, 9-бапта қарастырылған мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне назар аударылды. Оларға еңбек жағдайының сақталуы, қауіпсіздік шаралары және кәсіби деңгейін арттыру мәселелері кірді. Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік мүлікті қызметтік мақсатта ғана пайдалану, мемлекеттік құпияны сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі міндеттер жүктелді. Кеңесте заңның қатаң сақталуы және қызметтік әдептің орындалуы керектігі атап өтілді.