ШҚО-да медициналық қызметтердің сапасына қатысты семинар өтті

ШҚО-да медициналық қызметтердің сапасына қатысты семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті ұйымдастырған семинар өтті. Кездесудің басты тақырыбы 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №ДСМ-230/2020 бұйрығын іске асыру және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру болды.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Ләззат Дүйсенбекова осы бұйрықтың жұмыс барысында қолдану маңыздылығын атап өтті. Медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі құрылып, сапа менеджменті мен стандарттау процестері жүзеге асырылады. Бұл қызмет медициналық көмектің сапасын бақылап, ішкі аудиттер жүргізіп, қателіктердің алдын алу және пациенттердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлейді.