Өскемендегі МФБКД жиналысында медицина қызметкерлерінің біліктілігін қалай арттыруға болатыны айтылды

Өскемендегі МФБКД жиналысында медицина қызметкерлерінің біліктілігін қалай арттыруға болатыны айтылды

2024 жылы 20 қыркүйекте ҚР ДСМ  Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Алмагуль Сыдыкбаевна Кусатаеваның басқаруымен ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. Асем Скакбековна Мергенбаева; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті басшысының орынбасары Жусипалиева Гульнафис Бериатовна,  Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының  стратегия және методология басқармасының басшысы Мендешева Гульнара Кабрахимовна қатысуымен Өскемен қаласының медициналық ұйымдарының персоналды басқару қызметінің басшылары мен мамандары үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" біліктілік деңгейін тағайындау және (немесе) бекіту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес Өскемен қаласынан тыс орналасқан аудандық және қалалық медициналық ұйымдардың басшылары мен кадр мамандарының ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысумен жүргізілді.

Денсаулық сақтау қызметкерлеріне "Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына сәйкес біліктілік деңгейін алу кезінде тестілеуден өту бойынша "Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы" мамандары түсіндірме жүргізді.

Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Ғылыммедден Д.К «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ 2024 жылғы 28 маусымдағы № 43 бұйрығына сәйкес үздіксіз кәсіптік біліктілікті арттыру және біліктілік деңгейлерін беру және бекіту мәселелері бойынша сұрақтарға толықтай тоқталып өтті.

Кездесу барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алынды.