ҚР ДСМ МФБК төрағасының м. а. Шығыс Қазақстанның медициналық және фармацевтикалық қоғамының өкілдерімен дәрі-дәрмектерді таңбалауды енгізу тақырыбы бойынша кездесті

ҚР ДСМ МФБК төрағасының м. а. Шығыс Қазақстанның медициналық және фармацевтикалық қоғамының өкілдерімен дәрі-дәрмектерді таңбалауды енгізу тақырыбы бойынша кездесті

Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. Алмагүл Кенжеханованың жеке қатысуымен Шығыс Қазақстан облысында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес аймақтың жетекші ауруханалары мен медициналық мекемелерінің бірінші басшыларымен, бас дәрігерлерімен, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада сату субъектілерімен өтті. Кездесуге "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС тауарларды таңбалау басқармасы департаментінің жоба менеджері Людмила Горчинская, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаев қатысты.

Нургуль Кунапьянованың ШҚО - ның медициналық және фармацевтикалық субъектілерін таңбалауға дайындығы туралы қысқаша ақпаратынан кейін кеңес сұрақтар мен жауаптар түрінде жалғасты. Таңбалау туралы сұрақ қойған әрбір қатысушыға жоғарыда аталған құзыретті тұлғалар толық жауаптар мен түсініктемелер берді немесе жеке әңгімелесу арқылы жауап беруге дайын екендіктерін білдірді. Алмагүл Кенжеханова ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап шығарылған дәрілік препараттар ғана таңбалануға және қадағалануға жататынын еске салды. Медициналық бұйымдарға, шығын материалдарына, гигиена құралдарына таңбалау қолданылмайды. 

ҚР ДСМ МФБК төрағасының м.а. Алмагүл Кенжеханова барлық қатысушыларға: "Денсаулық сақтау министрлігі Сіздердің жағдайларыңызды түсінеді. Дәрілік заттарды таңбалауды енгізу бойынша өтпелі кезеңнің бірнеше айы ішінде жазалау шаралары қолданылмайды. Алайда, кейінірек медициналық бақылау, прокуратура рейдтер жүргізеді, сол кездерде жауапкершіліктен құтылу мүмкін емес. Жалпы, таңбалауды енгізу 2019 жылдан басталды. Өкінішке орай, көптеген субъектілер бұл процедураны байыпты қабылдамады және әлі күнге дейін қабылдамайды. Бірақ бұл қажет! Ең алдымен, халық үшін қажет, өйткені бұл - біздің ұлттық қауіпсіздігіміз. Сіздердің барлықтарыңыз-республиканың азаматтары, Сіздерге де қатысы бар. Егер сіздерден таңбалауды енгізу бойынша проблемалық сәттерге байланысты сындарлы ұсыныстар келіп түссе және қажеттілік туындаса, біз нормативтік-құқықтық актілерге әлі де өзгерістер енгізуге дайынбыз. Бірақ сіздер инновацияға жауапкершілікпен қарауларыңыз керек. Мен тағы да атап өткім келеді: басым көпшілік ойлап жүргендей, дәріханалар мен шағын бизнес үшін таңбалау мүлдем қымбат жаңашылдық емес".