Шемонаиха ауданы Межовка ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Шемонаиха ауданы Межовка ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дидар Темиргалиев Межовка ауылындағы Шемонаиха аудандық ауруханасының жаңа медициналық пунктінде рұқсат беру бақылауын жүргізді. 

Департамент маманы медициналық пункттің қажетті бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме жүргізді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша департамент қызметкерлерімен бұзушылықтар анықталған жоқ, сондықтан ШҚО ДСБ "Шемонаиха ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК ересектер мен балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.