
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден Өскемен қаласында Қ. Сәтпаев даңғылы, 48 мекенжайы бойынша орналасқан "UAP Medical" ЖШС-де рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Департамент қызметкері клиниканың қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеме басшылығымен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы түсіндірме әңгіме өткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталмады. "UAP Medical" ЖШС ересектер үшін "Ангиохирургия, гастроэнтерология, кардиология, невропатология, нейрохирургия, жалпы хирургия (калопрокталогия), терапия, травматология-ортопедия" және "невропатология, нейрохирургия, педиатрия" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша берілді.