
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Нургуль Кунапьянова ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға мониторинг жүргізу нәтижелері және оны жақсарту және қызметкерлерді қолдау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтты.
Естеріңізге сала кетейік "Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының м.а. 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында анонимді сауалнама жүргізіледі.
МФБК ШҚО бойынша департаментінде сауалнамаға 11 адам қатысты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі сауалнама нәтижелерімен салыстырғанда көрсеткіштер жақсарды. Көптеген қызметкерлер ведомстволық наградаларға ие болды, кейбіреулері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында лайықты мемлекеттік қызметшінің үлгісі ретінде және мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында материалдар жарияланды.
Айта кетейік, Департамент басшылығы мен Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Департамент ұжымында моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, қызметкерлерді көтермелеу және қолдау бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда.