
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментімен өңірдің медициналық ұйымдарын марапаттау іс-шарасы өткізілді. Іс-шара медицина қызметкерлері күнін мерекелеуге орайластырылған.
Ведомство басшысы Алмагуль Кусатаева облыстың денсаулық сақтау басқармасының бірнеше медициналық мекемелерін мінсіз қызметімен құттықтап, құрмет грамоталарын табыстады.
Халыққа сапалы медициналық көмек көрсеткені және пациенттердің құқықтарын қолдау және ішкі аудит қызметінің үздік жұмысы үшін келесі мемлекттік ұйымдар марапатталды: Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы; Өскемен қаласының № 2 қалалық емханасы; Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығы; "Защита теміржол ауруханасы" ЖШС; Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы; "Медициналық-санитарлық бөлім-2" ЖШС.
Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы жеке үлесі мен адал еңбегі үшін республикалық аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар: Антропова Лидия Фадеевна (Амбулаториялық орталық) және Бурымбетова Алма Заманбекқызы (ана мен бала орталығы) дербес марапатталды.