
МФБК ШҚО бойынша департаментінде "ҚР Жол қозғалысы ережелерінің" талаптарын түсіндіру бойынша облыстық полиция департаментінің қызметкерімен кездесу өтті.
Кездесу Әдеп жөніндегі облыстық кеңестің қорытындысы бойынша ұйымдастырылды. Бұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде атқарылған жұмыстар туралы есеп бере отырып, әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Нургуль Кунапьянова қызметкерлер арасында ЖҚЕ бойынша әкімшілік бұзушылықтар орын алғанын атап өтті.
Патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Мақсат Ораз "Жол қозғалысы туралы" заңға және "ҚР жол қозғалысы ережелеріне"енгізілген жаңалықтарға, өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
Департамент қызметкерлерінің барлық сұрақтарына полицей толық жауап беріп, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.