
ШҚО бойынша МФБКД Әдеп жөніндегі уәкіл Нургүль Кунапьянованың төрағалығымен "Ашық есік күні" өтті.
Фармацевтикалық және медициналық қызмет өкілдерінің мәселелері бойынша түсініктемелер мен консультацияларды медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова және медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Дидар Темірғалиев жүргізді.
Нургуль Кунапьянова акция қатысушыларымен Департамент қызметкерлерінің этика мен деонтологияны сақтауы бойынша сауалнама және әңгімелесу өткізді. Сауалнама нәтижелері бойынша қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді бұзушылықсыз көрсеткені және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын және мемлекеттік қызметкерлердің әдеп ережелерінің барлық талаптарын сақтайтыны туралы қорытынды жасалды.
"Ашық есік күніне" жеке кәсіпкерлер Оксана Трофимова мен Ольга Родина, сондай-ақ жеке тұлғалар Жанна Аидинова мен Нұрия Хайдуллина қатысты.