"Дарын" балалар лагерінде рұқсат беру бақылауы

"Дарын" балалар лагерінде рұқсат беру бақылауы

Глубокое ауданының Таулы Үлбі ауылында департамент қызметкерлері "Дарын" балалар лагерінің медициналық кабинетінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.

ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Дидар Темиргалиев медициналық кабинеттің қажетті бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеме басшысы Гаухар Рахимжановамен және медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы әңгімелесу өткізілді. Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша

ШҚО білім басқармасының "Дарын" Шығыс Қазақстан дарындылықты және қосымша білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы" КМҚК балаларға арналған "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензия және лицензияға қосымша берілді.

Рұқсат беру бақылауы "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № КР ДСМ - 59/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № КР ДСМ-22 бұйрығы негізінде жүргізілді.