
ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Дидар Темиргалиев Ұлан ауданы Донской ауылында ШҚО білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" КММ-де кезекті рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Қажетті рәсімдерден кейін – медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және т.б., мекеме басшысы Алмаш Олжабаева мен медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары түсіндірілді.
Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша департамент қызметкерлері бұзушылықты анықтаған жоқ. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына балалар үшін "білікті" және "дәрігерге дейінгі" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензия және қосымша берілді.