Облыс әкімі департамент басшылығына ведомстволық наградалар тапсырды

Облыс әкімі департамент басшылығына ведомстволық наградалар тапсырды

Бүгін Қазақстан Республикасының медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев өңірдің 30–дан астам медицина қызметкерлеріне ведомстволық наградалар - "Еңбек ардагері" медальдарын және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" және "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгілерін табыс етті. Сондай-ақ, дәрігерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Марапатталғандардың қатарында- МФБК ШҚО бойынша Департамент басшысы Алмагуль Кусатаева болды, оның жұмысын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін"төсбелгісімен атап өтті. Сондай – ақ, ҚР ДСМ – нің жоғары наградасы - "Еңбек ардагері" медалі департамент басшысының орынбасары Нургуль Кунапьяноваға табысталды.

– Медицина қызметкері күні мерекесі қарсаңында мен әріптестерімізге – дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға мықты денсаулық, жұмыста жақсы көрсеткіштер, пациенттердің алғысына бөленіп жүрулеріне тілектеспін. Дәрігерлерге еңбектері үшін көп рахмет! Құрметті марапаттармен құттықтаймын! - деді Алмагуль Кусатаева.

Салтанатты іс-шара соңында медициналық жұртшылық үшін концерт және тақырыптық фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.