
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде ведомство басшысы Нұрлан Еркебаевтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес мүшелері-қоғамдық, экономикалық тергеу департаменті, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының мүшелері, жоғары білім беру мекемелер мен БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызмет ардагерлері және басқалар.
Баяндамашылар қатарында-ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Нургуль Кунапьянова болды. Ол өткен жылы Департаментте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
- Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау және олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауы бойынша онлайн сауалнама мониторингі жүйелі түрде жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ, тек оң пікірлер. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту үшін БАҚ-та Департаменттің лайықты мемлекеттік қызметшілері туралы бірнеше материалдар жарияланды. Сондай-ақ тұрақты негізде "Ашық есік күні" өткізілді, оның шеңберінде жеке консультациялық көмек, заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер көрсетілді. Денсаулық сақтау субъектілерін тексеруге шықпас бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын қатаң сақтау туралы нұсқаулық әзірленді және т.б. Департаменттің бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, жалпы оқыту, семинарлар, кеңестер тұрақты негізде жүргізіледі, – деп баяндады Нургуль Кунапьянова.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері сөз сөйлеушіге бірнеше сұрақ қойып, оның қызметі мен сапалы атқарылған жұмысын оң тұрғыдан бағалады.
– Атқарылған жұмыс туралы есептерді тыңдаудан басқа, Әдеп жөніндегі кеңестің әрбір отырысында мүшелері мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, оның беделін түсіруді, ҚР Мемлекеттік қызметшілер кодексін бұзу бойынша тәртіптік істерді қарайды. Жалпы дауыс беру арқылы теріс қылық жасаған фигурант бойынша шешім қабылданады және орындау үшін белгілі бір мемлекеттік органға жіберіледі. Мұндай отырыстар кемінде екі айда бір рет өткізіледі, - деп атап өтті ШҚО бойынша МҚІА мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Кенчимбаев.