
МФБК ШҚО бойынша департамент қызметкерлері кезекті жалпы оқытуда фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін және өткен жылы Департамент бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыс нәтижелерін талқылады.
"Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы бойынша фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Жансая Қайратова айтып берді.
- Біздің бөлімнің мамандары: фармацевтикалық қызметке лицензия беру және лицензияға қосымша, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және оған қосымша беру сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, – деп атап өтті Жансая Қайратова.Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін, көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшерін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін айтты.
Департамент бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-СЖТІТ) жүргізу жөніндегі жұмыстың нәтижелерімен басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Нургуль Кунапьянова таныстырды. СЖТІТ 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ҚР ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес қызметкерлер қатарынан жұмыс тобы: медициналық және фармацевтикалық қызметке қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі және бөлімдердің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (персоналды басқару,мемлекеттік қызметтер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және т.б.) бағыттары бойынша жүргізілді.
Қорытындылай келе, Нургуль Кунапьянова Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп, жалғастырылатынын айтты.