Облыстық психикалық денсаулық орталығында рұқсат беру бақылауы

Облыстық психикалық денсаулық орталығында рұқсат беру бақылауы

ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бас маман Дидар Муратканович облыстық психикалық денсаулық орталығында болып, ересек тұрғындарға арналған "психиатрия (наркология, психотерапия)" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша беру бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Департамент қызметкерлері консультативтік кабинеттің қажетті медициналық бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуын, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды тексерді. Мекеменің медицина қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы әңгімелесті.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ КМК ересек тұрғындар үшін "психиатрия (наркология, психотерапия)" мамандығы бойынша заңды қызметке құжаттар берілді.