Өскемен қаласының орталығында лицензияланған медициналық кабинеті бар балабақша ашылды

Өскемен қаласының орталығында лицензияланған медициналық кабинеті бар балабақша ашылды

«Азамат АЅ» ЖШС мекемесінің медициналық кабинетінде рұқсат беру бақылауын және балалар үшін "дәрігерге дейінгі" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымша беруді  ҚР ДСМ МФБК ШҚО бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Думан Ғылыммедден және бөлімнің бас маманы Дидар Темиргалиев жүзеге асырды.

Олардың бақылауымен медициналық кабинеттің қажетті бұйымдармен және жабдықтармен жарақтандырылуы, мамандар құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігі, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар тексерілді. Балабақшаның медицина қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары түсіндірілді.

Рұқсат беру бақылауының қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталмады, балабақшаның медициналық кабинеті «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № КР ДСМ - 59/2020 «Медициналық қызметке лицензиялар" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № КР ДСМ-22 бұйрығына сәйкес лицензияланды.

Айта кетейік, келесі күні мектепке дейінгі жаңа мекеменің салтанатты ашылуы өтті. Балабақша 12 топта 240 орынға есептелген, оның ішінде 4 топ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған.