Департамент қызметкерлері "Алтай" телеарнасына дәрілік заттарды таңбалау мәселелері бойынша сұхбат берді

Департамент қызметкерлері "Алтай" телеарнасына дәрілік заттарды таңбалау мәселелері бойынша сұхбат берді

Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы Жарас Дәулетханов пен бөлімнің бас маманы Мақпал Рахимжанова "Алтай"телеарнасының жаңалықтар сюжеттері үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау тақырыбын түсіндірді.

Олар таңбалау дегеніміз не, оны қандай мақсатта енгізеді, осы жүйеге қандай субъектілер қатысады, біздің облыста таңбалауды енгізу бойынша дайындық қалай жүріп жатыр және т. б. сұрақтарға жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне өзгеріс енгізілді, онда 2024 жылғы 1 шілдеден бастап барлық дәрілік заттар міндетті таңбалауға жатады. Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүйесі деректерді жинау терминалының, POS-терминалдардың, сондай-ақ телефон камераларының көмегімен сканерлеуге және өнімнің түпнұсқалығын тексеруге болатын әрбір дәрілік заттың қаптамасында data matrix бірегей цифрлық кодтарын қолдануды көздейді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың хаттамалық тапсырмасы шеңберінде МФБК ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері "Атамекен" ҰКП, "Қазақтелеком" АҚ және облыстық денсаулық сақтау саласының өкілдерімен бірлесіп облыстың медициналық ұйымдарымен, фармацевтикалық нарық субъектілерімен тұрақты түрде онлайн және офлайн кеңестер өткізеді және дәрілік заттарды таңбалау және қадағалап отыру, қажетті жабдықтарды сатып алу тақырыптарын  және т. б. сұрақтарды егжей-тегжейлі түсіндіреді .

Дәрі-дәрмектерді таңбалау тақырыбы бойынша ақпарат алу үшін әрдайым МФБК ШҚО бойынша департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Крылов көшесі, 80, телефон нөмірі: 8(7232) 61-81-00. Электрондық пошта: dkf.vko@dsm.gov.kz

https://altaitv.kz/kz/news/19235